Super User
Ұлттық волонтерлік желінің өкілдері Ұлттық орталығымызға арнайы келіп, орталықтың қызметімен және оқу-тәжірибелік мүмкіндіктерімен танысты
Кездесу барысында алдағы уақытта волонтерларды Ұлттық орталық базасында оқыту, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жоспарлау және жедел басқару орталығының қызметкерлері Ұлттық орталығымызда болып, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға арналған сабаққа қатысты
Сабақ барысында қатысушылар арнайы симулятордың көмегімен 7–8 балдық жер сілкінісін сезініп, осындай жағдайда қандай әрекет жасау қажеттігі жөнінде практикалық білім алды. Сонымен қатар, қауіпсіз жерді анықтау, өзін және айналасындағыларды қорғау тәртібі бойынша дағдыларын жетілдірді.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірлігіміздің айқын көрінісі. Олар әрбір азаматтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады.
Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі әрдайым биік болып, көк Туымыз көгімізде асқақтай берсін!

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласы Бостандық ауданының №225 жайлы мектеп лагерінің оқушылары Ұлттық орталығымызда қонақта болды.
Оқушылар төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз әрекет ету, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі және азаматтық қорғау саласы бойынша танымдық мәліметтермен танысты.Мұндай кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайларға дайын болуына ықпал етеді.
Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Олардың қауіпсіздігі мен амандығы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан жас ұрпаққа қауіпсіз өмір сүру дағдыларын үйрету – келешекке жасалған маңызды қадам.

День Великой Победы
День Великой Победы — один из самых значимых и памятных праздников в истории нашей страны. Этот день является символом мужества, героизма и самоотверженности наших предков, подаривших нам мирное небо и спокойную жизнь.В связи с 81-й годовщиной Великой Победы в Национальном центре был организован ряд памятных мероприятий с участием слушателей и сотрудников. В ходе праздничной программы были почтены подвиги ветеранов войны и память героев, отдавших свои жизни на полях сражений.
Кроме того, участникам рассказали об историческом значении Великой Отечественной войны, важности единства народа и сохранения исторической памяти. В рамках мероприятия прозвучали патриотические песни, посвящённые подвигу защитников Родины.

Ұлы Жеңіс күні
Ұлы Жеңіс күні – ел тарихындағы ең маңызды әрі тағылымы мол мерекелердің бірі. Бұл күн – Отан үшін от кешіп, бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымыздың ерлігі мен қайсарлығын ұлықтайтын ерекше күн.
Осыған орай Ұлттық орталығымызда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, тыңдаушылар мен қызметкерлер қатысуымен мерекелік бағдарлама өткізілді. Іс-шара барысында соғыс ардагерлерінің ерлігі еске алынып, майдан даласында жанын қиған батырларға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушыларға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы мен ел бірлігінің құндылығы кеңінен насихатталып патриоттық ән орындалды.

