Семей ядролық полигонының жабылғанына – 35 жыл

31.08.2026

Бүгін Ұлттық орталығымызда Семей ядролық полигонының тарихы мен оның халқымызға тигізген зардаптарын кеңінен таныстыруға арналған іс-шара өтті.

Іс-шара барысында ядролық сынақтардың тарихы, оның қоршаған ортаға және халық денсаулығына тигізген әсері, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарусыздану жолындағы тарихи шешімдері туралы маңызды ақпараттар ұсынылды.

Сонымен қатар, Ұлттық орталықтың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне арнайы барып, Семей ядролық полигонына қатысты тарихи жәдігерлермен, құжаттармен және көрмелік материалдармен танысты. Тарихи деректерді өз көздерімен көріп, өткеннің тағылымын тереңірек сезінді.

Семей ядролық полигонының жабылуы – Қазақстан тарихындағы маңызды әрі тарихи шешімдердің бірі. Бұл күн – бейбітшілік пен ядролық қарусыз әлем құру жолындағы ел ұстанымының айқын көрінісі.