Ұлттық орталықтың оқытушылары Құтқарушылар күніне орай Құтқарушылар аллеясына барып, қызметтік борышын атқару кезінде ерлік пен батылдық танытқан құтқарушыларды еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара құтқарушылардың ерлігін ұлықтауға, олардың ерен еңбегі мен жарқын рухына құрмет көрсетуге бағытталды.

