«Ұлттық орталықтың» қызметкері Сатарбаева Аида Қазақстан ұлттық арнасы мен «Алматы» телеарнасына жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы сұхбат берді.
Сұхбат барысында жер сілкінісі кезінде азаматтардың өзін қалай ұстауы керектігі, қауіпсіз жерді алдын ала анықтау, төтенше жағдай кезінде дүрбелеңге жол бермеу және қажетті алғашқы әрекеттер туралы маңызды ақпарат айтылды.
Сонымен қатар тұрғындарға төтенше жағдайларға алдын ала дайын болудың және қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

