10 тамыз – Абай күні

10.08.2026

Осы мерекеге орай ұлттық орталығымызда ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевқа арналған мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында ақынның өмірбаяны таныстырылып, қара сөздері мен жүрекке жетер өлең жолдары оқылды.

Абай – өз дәуірінің озық ойлы тұлғасы, халықты білімге, еңбекке, адамгершілікке үндеген ұлы ұстаз. Оның мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін сарқылмас рухани қазына.