Super User

Super User

Осы күні орталық қызметкерлері азаматтық қорғау саласында ұзақ жылдар қызмет еткен, қазіргі таңда зейнеткер Сатина Нұрмолдақызына арнайы барып, Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ардагер маманға құрмет көрсетіп, оның көп жылғы еңбегіне алғыс білдірілді.

Мұндай игі бастамалар халқымыздың қайырымдылық, мейірімділік және үлкенге құрмет көрсету дәстүрлерін дәріптеуге бағытталған. Ұлттық орталық ұжымы барша жұртты Наурыз мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, береке және молшылық тілейді.

  

Сенбі, 14 Наурыз 2026 06:30

Көрісу күні

Ұлттық орталығымызда 14 наурыз – Көрісу күні ерекше аталып өтті. Бұл күн – халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі. Адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектер айтатын мерекелі күн.
Іс-шара барысында ұжым мүшелері қазақ халқының бай мұрасын еске алып, ұлттық дәстүрдің маңыздылығын көрсетті. Көрісу күні – адамдарды жақындастырып, сыйластық пен бірлікті нығайтатын ерекше күн екені айтылды.Осындай игі дәстүрді жаңғыртып, оны келер ұрпаққа насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерекелік шара барысында бірқатар қызметкерлер Төтенше жағдайлар министрлігінің грамотасымен, сондай-ақ Ұлттық орталық Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапаттар – олардың азаматтық қорғау саласындағы адал еңбегі мен кәсібилігінің айқын көрінісі.
Осы айтулы мереке қарсаңында барша аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

  

  

 

 

Жұмыс сапары барысында вице-министр орталықтың материалдық-техникалық базасын аралап көріп, азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердің жүргізілу деңгейі, олардың тәжірибелік маңызы мен нәтижелерін қолдану тетіктері туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, ол сынақ зертханасына арнайы барып, заманауи құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерімен, жүргізіліп жатқан тәжірибелік сынақтар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшеліктерімен танысты. Зерттеу процестерінің сапасын арттыру, ғылыми нәтижелерді тәжірибеге енгізу және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмады.

Кездесу аясында азаматтық қорғау жүйесін одан әрі дамыту, ғылыми әлеуетті күшейту, кәсіби кадрларды даярлау және қайта даярлау, инновациялық және цифрлық технологияларды енгізу бағыттары кеңінен талқыланды. Вице-министр орталықтың ғылыми және оқу-әдістемелік қызметінің маңыздылығын атап өтіп, мекеме мамандарының жоғары кәсіби біліктілігін, олардың төтенше жағдайлардың алдын алу және ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жауапты еңбегін ерекше бағалады.

Сапар қорытындысы бойынша азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, олардың практикалық тиімділігін арттыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және заманауи технологияларды жүйелі түрде енгізу мәселелері бойынша бірқатар нақты ұсыныстар мен бастамалар айтылды. Сонымен қатар, орталықтың ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту және оны салалық тәжірибемен ұштастыру бағытындағы жұмыстарды жандандырудың маңыздылығы атап өтілді.

Жалпы алғанда, жұмыс сапары ұлттық орталық қызметінің маңыздылығын айқындап, азаматтық қорғау жүйесін ғылыми негізде дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыруға серпін берді.

   

  

 

 

 

 

 

 

 

Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекшілеріне «Жер сілкінісі қаупі төнген және орын алған жағдайда халықты қорғау» тақырыбында сабақ өткізілді.

Сабақ барысында сейсмикалық қауіптер кезінде іс-қимыл жасау алгоритмдері мен жедел әрекет ету тәртібі жан-жақты қарастырылды.

 

 

 

 

 

2025 жылғы 19–20 желтоқсанда Жапонияда өткен «Орталық Азияның бес елі мен Жапония мемлекеттері басшыларының саммитіне орай ұйымдастырылған Бизнес-форум» аясында «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» АҚ, “Қазавиаорманқорғау” РМКҚ, сондай-ақ жапондық Fitech Co., Ltd. компаниясы жапондық өрт сөндіру авиациялық технологияларын пайдалана отырып, бірлескен демонстрациялық жобаны қарастыруға кірісті.
2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында көміртегі бейтарап өрт сөндіргіш заттар саласындағы бірлескен сынақтар мен ғылыми зерттеулер жүргізу туралы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған бірлескен жобаның мақсаты — 2026 жылдың басынан бастап демонстрациялық сынақтарды кезең-кезеңімен іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік деңгейде шешім қабылдау үшін қажетті техникалық, нормативтік және пайдалану деректерін жүйелі түрде жинақтау болып табылады.
Бұл бейне — болашаққа деген сенімнің көрінісі.
Орталығымыздың қызметкерлері мен мектеп оқушылары бірлесіп түсірген бұл видео — еліміздің ертеңі білімді, жауапты әрі қауіпсіз болатынының айқын дәлелі.
Біздің болашағымыз — білімді, батыл, қауіпсіз ортада өсіп келе жатқан жас ұрпақ.
Ал сол болашақты қалыптастыру — баршамызға ортақ міндет.
Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгі жасасын!
Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! ??