Super User

Super User

 

Құттықтау барысында Ұлттық орталық оқытушыларының азаматтық қорғау саласында білікті мамандарды даярлауға қосып жүрген үлесі мен кәсіби еңбегі атап өтіліп, алғыс білдірілді.

 

 

       

«Ұлттық орталықтың» қызметкері Сатарбаева Аида Қазақстан ұлттық арнасы мен «Алматы» телеарнасына жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы сұхбат берді.

Сұхбат барысында жер сілкінісі кезінде азаматтардың өзін қалай ұстауы керектігі, қауіпсіз жерді алдын ала анықтау, төтенше жағдай кезінде дүрбелеңге жол бермеу және қажетті алғашқы әрекеттер туралы маңызды ақпарат айтылды.

Сонымен қатар тұрғындарға төтенше жағдайларға алдын ала дайын болудың және қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

     

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жауапты қызметкері Ампара Гордийо Тобар ханым Ұлттық орталыққа Америкадан келді. Оқу класстарын көріп, көңілі толып қайтты. Қазан айындағы оқу курсы туралы әңгіме қозғалды. Ұлттық орталық халықаралық семинарға дайын

 

 

 

          

Бүгін Ұлттық орталығымызда Семей ядролық полигонының тарихы мен оның халқымызға тигізген зардаптарын кеңінен таныстыруға арналған іс-шара өтті.

Іс-шара барысында ядролық сынақтардың тарихы, оның қоршаған ортаға және халық денсаулығына тигізген әсері, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарусыздану жолындағы тарихи шешімдері туралы маңызды ақпараттар ұсынылды.

Сонымен қатар, Ұлттық орталықтың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне арнайы барып, Семей ядролық полигонына қатысты тарихи жәдігерлермен, құжаттармен және көрмелік материалдармен танысты. Тарихи деректерді өз көздерімен көріп, өткеннің тағылымын тереңірек сезінді.

Семей ядролық полигонының жабылуы – Қазақстан тарихындағы маңызды әрі тарихи шешімдердің бірі. Бұл күн – бейбітшілік пен ядролық қарусыз әлем құру жолындағы ел ұстанымының айқын көрінісі.

 

        

Сейсенбі, 18 Тамыз 2026 05:24

Спорт күні

16 тамыз – Спорт күніне орай Ұлттық орталық қызметкерлері салауатты өмір салтын қолдап, спортпен шұғылданудың маңыздылығын насихаттайды.

Спорт – денсаулықтың кепілі, күш-қуат пен жақсы көңіл-күйдің негізі. Белсенді өмір салтын қалыптастырып, денсаулығымызға бірге көңіл бөлейік!

 

 

        

 

Дүйсенбі, 10 Тамыз 2026 11:01

10 тамыз – Абай күні

Осы мерекеге орай ұлттық орталығымызда ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевқа арналған мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында ақынның өмірбаяны таныстырылып, қара сөздері мен жүрекке жетер өлең жолдары оқылды.

Абай – өз дәуірінің озық ойлы тұлғасы, халықты білімге, еңбекке, адамгершілікке үндеген ұлы ұстаз. Оның мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін сарқылмас рухани қазына.

 

 

 

Азаматтық қорғаныс және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімі аға офицері – С. Сейтмаш;
«Ұлттық азаматтық қорғау орталығы» АҚ вице-президенті – Е. Касенов;
Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (СИЗОД) бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор – А. Носов;
Сынақ зертханасының бастығы, ТМД мемлекетаралық 071 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» техникалық комитетіндегі Қазақстан Республикасының өкілі – К. Габбасов.

 

 

  

 

Кездесу барысында алдағы уақытта волонтерларды Ұлттық орталық базасында оқыту, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысында қатысушылар арнайы симулятордың көмегімен 7–8 балдық жер сілкінісін сезініп, осындай жағдайда қандай әрекет жасау қажеттігі жөнінде практикалық білім алды. Сонымен қатар, қауіпсіз жерді анықтау, өзін және айналасындағыларды қорғау тәртібі бойынша дағдыларын жетілдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірлігіміздің айқын көрінісі. Олар әрбір азаматтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады.

Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі әрдайым биік болып, көк Туымыз көгімізде асқақтай берсін!



     

1 бет. Барлығы: 40