Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекшілеріне «Жер сілкінісі қаупі төнген және орын алған жағдайда халықты қорғау» тақырыбында сабақ өткізілді.

23.01.2026

Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жоспарлау және жедел басқару орталығының жедел кезекшілеріне «Жер сілкінісі қаупі төнген және орын алған жағдайда халықты қорғау» тақырыбында сабақ өткізілді.

Сабақ барысында сейсмикалық қауіптер кезінде іс-қимыл жасау алгоритмдері мен жедел әрекет ету тәртібі жан-жақты қарастырылды.