Сабақ барысында төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмдері, алғашқы іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау және персоналдың жедел іс-қимылы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі, зардап шеккендерге жедел көмек көрсету тәсілдері және оқиға орнында дұрыс әрекет ету бойынша практикалық дағдылар қамтылды.
Оқыту шеңберінде ықтимал қауіп-қатерлерді бағалау, эвакуациялау тәртібі, сондай-ақ төтенше жағдай салдарын азайтуға бағытталған ұсынымдар қарастырылды.

