Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігінің, ұлттық болмысы мен рухының айқын көрінісі.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – әрбір азаматтың жүрегінде ерекше орын алатын қасиетті құндылықтар.
Еліміздің рәміздері биікте желбіреп, бірлігіміз нығая берсін!
Рәміздеріміз – ұрпаққа мақтаныш, келешекке жол көрсететін рухани мұрамыз.
Оларды қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Осы айтулы күні елімізге амандық, халқымызға бейбіт өмір тілейміз!


