Е.Мельниковты еңбек сіңірген демалысына шығарып салу рәсімі

13 қазанда салтанатты жағдайда ҚР ТЖМ құрметті ардагері Евгений Николаевич Мельниковты еңбек сіңірген демалысына шығарып салу рәсімі өтті.

ҚР ТЖМ вице-министрі генерал-майор Е.С. Нұрпейісов ардагерге министрдің Құрмет грамотасын табыстай отырып, Орталықтың қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесін атап өтті, көп жылғы адал еңбегі үшін алғысын білдірді.

Евгений Николаевич Азаматтық қорғау саласындағы Республикалық  курсында жұмыс істеген жылдары еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарының басшылық құрамынан 10 мыңнан астам тыңдаушы дайындықтан өтті. Осылайша, Е. Н. Мельников азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға үлкен үлес қосты.

Евгений Николаевичтің әріптестері ардагерге ұзақ жылдар бойына зор денсаулық, отбасына амандық пен бақыт тіледі.

ҚР ТЖМ құрметті ардагері Евгений Николаевич Мельниковты салтанатты түрде демалысқа шығарып салу рәсімі жылы және лирикалық атмосферада өтті.