Қазақстан мен Жапония азаматтық қорғау саласына инновациялық авиациялық технологияларды енгізуде

29.12.2025
2025 жылғы 19–20 желтоқсанда Жапонияда өткен «Орталық Азияның бес елі мен Жапония мемлекеттері басшыларының саммитіне орай ұйымдастырылған Бизнес-форум» аясында «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» АҚ, “Қазавиаорманқорғау” РМКҚ, сондай-ақ жапондық Fitech Co., Ltd. компаниясы жапондық өрт сөндіру авиациялық технологияларын пайдалана отырып, бірлескен демонстрациялық жобаны қарастыруға кірісті.
2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында көміртегі бейтарап өрт сөндіргіш заттар саласындағы бірлескен сынақтар мен ғылыми зерттеулер жүргізу туралы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған бірлескен жобаның мақсаты — 2026 жылдың басынан бастап демонстрациялық сынақтарды кезең-кезеңімен іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік деңгейде шешім қабылдау үшін қажетті техникалық, нормативтік және пайдалану деректерін жүйелі түрде жинақтау болып табылады.